Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Павлодар облысында «Тәлімгерлер мектебі» тренингіне екінші жинақтау жарияланды

Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атабек» (Тәлімгерлер) жобасы іске асыралады.
Аталған жоба жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге, өзіндік өмір әлеуетінің ашылуына, ересек-тәлімгерлермен арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас арқылы жеке өмірде әрекет пен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Тәлімгерлер – бұл балалар үйіндегі тәрбиеленушілер үшін сенімді дос болуға, жеке тәжірибесі мен білімімен бөлісуге дайын ересек адамдар.
25 жасқа толған және Тәлімгерлер мектебінде білім алған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тәлімгер бола алады.
Ағымдағы жылғы 21-22 шілде аралығында Алматы қаласының «Дара» қайырымдылық қорының білікті психологтары, «Үміт үзбеу» қоғамдық қорының психологы алғашқы жинақталған кандидаттарды оқытты.
Қазіргі уақытта 2018 жылғы 13 қазанда тәлімгерлер мектебінде өтетін оқытуға екінші кандидаттарды жинақтау жарияланды. Мектепте кандидаттар білікті психологтардың қажетті кеңестерін алады, олар жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың эмоционалдық және мінез-құлық ерекшеліктері туралы айтып, баламен тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруда көмек көрсетеді.
Оқытудан өтуге ниет білдірушілер 87779346858, 87779395225 телефондары арқылы хабарласуға, сондай-ақ өтінімдерді (ерікті түрде толтырылады) pavlodar@nastavniki.kz электронды поштасына жіберуге болады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер