Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

«Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсына қатысуға шақырамыз

2018 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты конкурс өткізіледі.
Ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.
Конкурс мақсаты: облыс мұғалімдері мен оқушылары арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау.
Конкурс екі кезеңде өтеді (іріктеу, ақтық):
І кезең – іріктеу. 2018 ж. 1 қазаннан 29 қазанға дейін сырттай өтеді. Өтінім және конкурстық жұмыс білім беру мекемесінде жұмыс істейтін педагогтан (қызметкерден), оқушылардан 2018 жылғы 22 қазанға дейін Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы бойынша қабылданады:
Павлодар қ., Ак.Бектұров көшесі, 14, 1 қабат, тел.: 8(7182)55-20-44
ІI – ақтық кезең (финал), іштей өткізіледі. Конкурстың ақтық кезеңі қатысушылары 2018 жылғы 1 қараша күні жбаларын қорғайды.
Конкурстың қорытындысы 2018 жылғы 1 қараша күні білім беру басқармасының (http://edupvl.kz) және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.

 

Конкурс ережесі

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер