Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

«Мектептің жүрегі мұғалім» Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара⠀

IMG 0029

    

   Естай атындағы мәдениет сарайында Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға білім беру мекемелері мен білім беру бөлімдерінің басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, облыс басқармаларының басшылары қатысты. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қатысып, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.
- Ұстаз - ұлы ұғым. Педагогтардың білім үйретіп, тәрбие беруде алар орыны бөлек, еңбегі өлшеусіз. Елбасы «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында» деп мұғалімнің қоғамдағы рөліне жоғары баға берген. Туған жердің азаматын дайындауда ұстаздың еңбегіне баға жетпейді. Сіздер жастардың болашағын айқындайсыздар. Болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл қоғамды қалыптастыруға үлес қосасыздар. Біздің облысымыз республикалық сайыстар мен олимпиадаларда жоғары көрсеткіштерге қолжеткізіп, алдыңғы қатарда келеді. Озық ойлы оқушылар мен олардың ұстаздарын мақтан етеміз,-деді М.Бегентаев.
⠀Жиында «Жыл мұғалімі-2018», «Жыл тәрбиешісі-2018» облыстық конкурстардың жеңімпаздары марапатталды. Қос сайыста бас жүлдені дарынды балаларға арналған №3 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Кравчук Галина  және Екібастұз қаласының №21 балалар бақшасының тәрбиешісі Татьяна Кошлова жеңіп алды.  Сондай-ақ, жеті түрлі номинация «Шебер ұстаз», «Мейірімді жүрек», «Аялы алақан», «Асылын беріп шәкіртке», «Зерттеуші педагог», «Үлгі бізге жақсы ісің», «Адал еңбегі үшін» бойынша іріктелген мұғалімдерге смартфон, моноблок және теледидар сияқты бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мерекеде жалпы саны 68 педагог түрлі марапатқа ие болды. . ⠀
   Еліміздің эстрада жұлдызы Айқын Төлепбергеннің салтанатты шарада ән шырқауы педагогтарға ерекше тосын сый болды.

 IMG 0017

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер