Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2018 жылғы 13 желтоқсанда 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 19 градус, жел 2 м/с


 

Өзін- өзі тану – оқушыларды рухани-өнегелік құндылықтарға баулу

5

 

Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында2018 жылғы 4 қазанда өткізілген 7-9- сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 17 команда құрамында 51 оқушы қатысты.
   Олимпиада мақсаты: балаларға рухани-өнегелік тәрбие беру, құндылық бағдарын қалыптастыру, шығармашылық іс-әрекетіндегі әлеуетін, даралық құндылықтарын, азаматтық ұстанымын, өзін-өзі көрсетуге, кемелдендіруге ұмтылысын дамыту.
  «Қызмет ету қуанышы» атты тақырыпта қорғаған тұсаукесер презентацияларында оқушылар өз өмірлік ұстанымын, ойларын еркін жеткізе алу және командада жұмыс жасау іскерлігін көрсетті.
    Олимпиада қорытындысында І дәрежелі дипломдарын– Ақсу қ. мамандандырылған дарынды балаларға арналған гимназиясының 7, 8, 9 –сыныптың оқушылары Садыбекова Арайлым, Шакбекова Даяна, Жунусбеков Алдияр; ІІ дәрежелі дипломдарын – Павлодар қ. №16 мектеп-лицейінің 7, 8, 9- сыныптыңоқушылары Павленко Ольга, Фрик Дарья, Ключкова София; Павлодар қ. №24 орта мектебінің 7, 8, 9- сыныптыңоқушылары Қасымканова Еркежан, Ныгметова Айзада, Шамшитова Айша; ІІІ дәрежелі дипломдарын– дарынды кыз балаларға арналған «Білім -Инновация» лицей-интернатының 7, 8, 9- сынып оқушылары Бондарь Анастасия, Сыздыкова Диляра, Нығмет Айгерім; Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған мектебінің 7, 8, 9- сынып оқушылары Камалиева Бота, Женисова Дильназ, Мухтарбек Асель; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7, 8, 9- сынып оқушылары Ленинг Ариана, Гургиш Ева, Искаков Баязет иеленді.
   Облыстық олимпиаданың жеңімпаздары Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын қорғайды.
 


 

 

 

1

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер