Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Өз өлкесі тарихының білгірлері

DSC 0003      

 

      Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында 2018 жылғы 4 қазан күні «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар І республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі дарындыбалаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде өткізілді.
      Конкурска мамандандырылған және Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінен 26 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын - 17, орыс тілінде-9.
      Облыстық кезең қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен–Павлодар қ. №25 ЖОББМ оқушысы Социалова Гүлдана; ІІ дәрежелі дипломмен-дарынды қыз балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының оқушысы Рашитова Алия және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Сансызбай Сәния;ІІІ дәрежелі дипломмен - дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Алишева Диана марапатталды
     Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс атынан республикалық кезеңге қатысады. Конкурстың қорытынды кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:І тур – Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру; ІІ тур – 4 номинация бойынша: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы»,«Менің туған өлкем».

 

 

DSC 0036

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер