Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2018 жылғы 13 желтоқсанда 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 19 градус, жел 2 м/с


 

Облыстық «Үздік мектеп мұражайы» байқауы

1010201888      

      2018 жылғы 9 қазанда Павлодар облысы білім беру басқармасы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен мұражай педагогикасы құралдары арқылы өскелең ұрпақты  әлеуметтендіруді және бірегейлігін қалыптастыру процесінде жаңа тәсілдемелерді іздеу мақсатында облыстық «Үздік мектеп мұражайы» байқауы өтті.
    Байқауға облыстық мамандандырылған мектептер, аудан және қалалардан 13 мектеп мұражайлары қатысты.
    Байқау төрт номинация бойынша өтті:
«Тарихи мұражайлар» (әскери-тарихи, әскери даңқы мұражайлары, еңбек даңқы мұражайлары, халықтар достастығы, мектеп тарихы, археология және этнография мұражайлары);
«Табиғи-ғылыми мұражайлар» (ботаникалық, зоологиялық, географиялық, геологиялық,  табиғатты қорғау мұражайлары);
«Кешенді өлкетану мұражайлары» (өңірдің табиғатын, экономикасын, тарихын және мәдениет бөлімдерін қамтиды);
«Әдебиет мұражайлары» (атақты жазушылар туралы және олардың жергілікті өлкемен байланысы, сондай-ақ өз шығармаларында айқын көрсеткен жазушы-жерлестері туралы баяндайтын мұражайлар).
  Сайыс қорытындысы бойынша  І орынды Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп, ІІ орынды Тереңкөл ауданы №1 Песчан ЖОМ, ІІІ орынды Ертіс ауданы И.Байзақов атындағы ЖОМ алды.  Қатысушылар диплом және сертификаттармен марапатталды.

 

 

10101010

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер