Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Жас лингвисттердің жеңісі

 

 

     «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 10 қазан күні 8-9- сынып оқушыларына арналған І Республикалық «Boitumar-2018» лингвистикалық олимпиадасы өткізілді.
      Олимпиада орта буын оқушыларының айтылым және жазылым дағдысын жетілдіру арқылы сын тұрғысынан ойлау мен зияткерлік кабілетін дамытуға бағытталған. Іс-шараға жалпы білім беру мекемелері, гимназия, лицейлердің 8-9- сынып оқушылары қатысты. Олимпиада қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.
Павлодар облысынан 6 оқушы қатысып, төртеуі жүлделі орынға ие болды.
       І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушылары: Ермаченкова Софья (ағылшын тілі), Дандыбаева Данель (орыс тілі) және Шамшиденова Жибек (қазақ тілі) марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломға облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Митрошина Алина (орыс тілі) ие болды.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер