Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2018 жылғы 13 желтоқсанда 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 19 градус, жел 2 м/с


 

Қазақтың лирик ақыны - Мұқағали Мақатаев

  

    «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11 қазанында дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде ХІІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңі өтті. 
Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларына 31 оқушы қатысты. 
    «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларын таныстырды. «Жыр эстафетасында» қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып, жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.
    Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің 11- сынып оқушысы Хауметқали Айкерім иеленді. І дәрежелі дипломмен Ақсу қаласы Қалқаман орта мектебінің 11- сынып оқушысы Жүнісхан Айтолған марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен Аққулы ауданы Тілектес орта мектебінің 9-сынып оқушысы Хайратбек Мақпал, Шарбақты ауданы Есілбай орта мектебінің 8-сынып оқушысы Қайкен Айдана ие болды. ІІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Жанибек Жансая, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Дәуренбекұлы Рамазан және Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Тыныбек Қазына марапатталды. 
     «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен жеңімпаз оқушыны дайындаған Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толеу Каукер марапатталды. 
     «Ертіс дарыны» орталығының Құрмет грамотасын жеңіске деген жігерлігі үшін Ақтоғай ауданы Естай атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Егінбай Айымгүл, Успен ауданы Қаратай орта мектебінің 11-сынып оқушысы Құнанбай Жайдар, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Лангольф Дарья, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Соколова Екатерина, Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8-сынып оқушысы Құрбан Арай және Павлодар қаласы №37 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қасымхан Алуа иеленді.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер