Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодар қаласының мектеп және мектепке дейінгі мекемелерінің басшыларының қатысуымен өткен еңбек заңнамасы бойынша семинар-кеңесі

 

2018 жылғы 11 қазанда Павлодар қаласының білім беру бөлімі, қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып №39 жалпы орта білім беру мектебінде семинар-кеңес өткізді.
Білім беру ұйымдарының басшыларымен өткен кеңесте Елбасымыздың қазан айындағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы, білім саласы үшін қазіргі заман талабына сай мәселелерге уақтылы түрдегі жауабы деп атап өтілді.
"Білім беру саласындағы еңбек қарым-қатынастарын Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету" тақырыбы бойынша басшылардың назарына баяндама ұсынылды:
Қапанов Асқар Қапанұлы – Павлодар облысы бойынша еңбек басқармасының басшысы Еңбек даулары бойынша келісу комиссияларының жұмысы туралы бойынша, облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының заңгері Джаркенова Гүлшат Оралқызы - еңбек қатынастары саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша, Сейітова Сабира Шәкенқызы-әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарттар нормаларын сақтау мәселелері бойынша заңнамаға сәйкес сұрақтар қарастырылды.
Білім беру мекемелері басшыларының сұрақтарына еңбек шарттарын жасасу және бұзу, тәртіптік жаза қолданудың заңдылығы, еңбек дауларын шешу мәселелері бойынша нақты жауаптар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер