Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

БОЛАШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ ЖАСА

 Жан басына шаққандағы қаржыландыру

 

Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды енгізуге дейінгі мәселелер:

  •       Мектеп қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі;  
  •         Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту мүмкіндігінің болмауы;  
  •        Қаражат жинау мүмкіндігінің болмауы;  
  •       Мектептердің арасында бәсекелестіктің болмауы;  
  •        Жекеменшік мектептер желісінің дамымауы.

Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды енгізудің негіздемелері:   

1. Назарбаев Университеті студенттерінің алдында Елбасымыздың сөз сөйлеуі (2012 жылғы 5 қыркүйек): «Біз орта білімнің жан басына қатысты қаржыландыруға кезең-кезеңмен өтуін қамтамасыз етуіміз керек. Оқушы басқа мектепке ауысқан жағдайда, ақша да оның артынан ілеседі. Осылайша, біз мектептердің арасында бәсекені арттырамыз. Үкіметке пилоттық мектептерде жан басына қатысты қаржыландыруды енгізуге кірісуді тапсырамын».

2. Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы:
«Нәтижеге бағдарланған қаржыландыру – орта білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігі болады».

3. 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы «…қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады» деп айтып өтті.

Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды енгізудің әсері мыналар болады:

    Қаржыландыру теңдігі және әділдігі;

    Баланың қай мектепте және қай жерде білім алатынына қарамастан, 1 оқушыға жұмсалатын шығындардың теңестірілуі;

    Мектептердің бәсекелесу қабілеті;

    Педагогтар ұжымын нәтижеге ынталандыру.

Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыруды жетілдіру:

    Жан басына қатысты нормативтік қаржыландыру барысында мәселеге қатысты тәсілдеменің өзі өзгереді. Алдыңғы қатарға оқушылар және олардың сапалы білім алу құқығы мен мүдделері «шығады». Білім беру ұйымдарының ұйымдастыру және қаржы мәселелерін басқару тиімділігі артады, білім беру үдерісін ұйымдастыру тиімділігі артады, және де осының барлығы оқушылар мен мұғалімдер үшін білім беру мекемелерінің арасында «салауатты» бәсекелестіктің туындауына әкеледі және олардың жұмысын ынталандырудың қосымша шараларын қолға алуға түрткі болады.

Бастапқыда білім беру үдерісіне арналған шығындар нормаланып, келесіні қамтыды:

    педагогтар мен басқарушы қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар;

    жұмыс берушінің жарналары;  

    бір лауазымдық жалақы мөлшерінде қызметкерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына сауықтыруға өтемақы төлеуге жұмсалатын шығындар;  

    оқу шығындары (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқуға арналған көрнекі материалдар мен оқулықтар);  

    білім беру үдерісін қаржыландыру көлеміндегі ынталандыру бөлігі – қызметінің нәтижелеріне қарай жалақысын саралау мақсатында орта білім беру ұйымының қызметкерлерінеынталандыру үстемеақысын белгілеуге және сыйлықақылар төлеуге, сондай-ақ білім беру үдерісімен байланысты орта білім беру ұйымының басқа да қажеттіліктерін жабуға арналған қаражат.


   Бүгінгі таңда жан басына қатысты норматив жетілдірілген, ішінара:

    инклюзивті білім беруді дамыту үшін жалпы білім беретін сыныптарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жан басына қатысты нормативтің белгілі мөлшері анықталды;  

    экологиялық  апат және радиациялық қауіп аймақтарында тұратын қызметкерлерге мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында, тиісті қосымша төлемдерге арналған шығындар нормаланды;  

    педагогикалық әлеуетті ынталандыру арқылы білім берудің сапасын арттыру үшін формулаға ынталандырушы компонент қосымша енгізілді;  

    мемлекеттік қаражатты барынша тиімді және оңтайлы пайдалану мақсатында, формулаға елеулі іс жүзіндегі контингенті бар, лық толған мектептер үшін түзету (төмендету) коэффициенті енгізілді;  

    мектептердің материалдық-оқу базасын нығайту және дамыту жолымен білім берудің сапасын арттыру үшін формулада күрделі сипаттағы шығындар қосымша нормаланды;  

    мемлекеттік білім беру тапсырысының жекеменшік мектептерде орналастырылуы заңнамамен бекітілгенін ескере отырып, жан басына қатысты нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы Әдістемесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:  

    қолданыстағы және жаңа жекеменшік мектептер үшін жан басына қатысты нормативтің мөлшері анықталды;

    инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін нормативтің мөлшері анықталды.

    «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 шілдедегі № 171-VІ Қазақстан Республикасының Заңы аясында мектептерді «мемлекеттік мекеме» (әрі қарай – ММ) нысанынан «шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын» (әрі қарай – ШЖҚ МК) нысанына қайта түрлендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін өзгертулер енгізілді.
    Түрлендіру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, яғни Астана қаласының мектептері базасында пилоттық іске қосу тұспалданады. Сәтті болған жағдайда бұл тәжірибе бүкіл республика бойынша таралады.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған норманы іске асыру үшін заңға тәуелді актілер қабылданды, атап айтқанда, мектептердің ШЖҚ МК нысанына өту шарттарын реттейтін мәселелер мен мемлекеттік кәсіпорын басшыларын алмастыру мәселелері бойынша.
     Бұл үлгі Жан басына қатысты қаржыландыру әдістемесімен және Еежелерімен реттеледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 477, 478 бұйрықтары) және орталық мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, Атамекен ҰКП-мен аса тиімді және әділ үлгі ретінде бағаланды.
             
  Жан басына қатысты нормативтік қаржыландырудағы пилоттық мектептерді қаржыландыру сұлбасы:    
   Пилоттық мектептерде жан басына қатысты нормативтік қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қаржыландырудың іс жүзіндегі көлемдерін нормативтік көлемге дейін жеткізуге республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық трансферттер түрінде қосымша қаражаттың бөлінуімен іске асырылады.
Мақсатты ағымдық трансферттердің сомаларын бөлу және пайдадалану Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
    Жан басына қатысты нормативте ескерілмеген шығындарды қаржыландыру да Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес тиісті жергілікті бюджеттердің есебінен нормативтен тыс жүзеге асырылады (яғни қолданыстағы сұлба бойынша қаржыландырылады).

 

 


 Жекеменшік мектептерде ЖБНҚ енгізу

     Жекеменшік мектептер желісін дамыту мақсатында «Білім туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізілді – осылайша, жекменшік мектептерде орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру мүмкіндігі пайда болды.

     Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына тиісті толықтырулар енгізілді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген).

Осы бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін балалар контингентін жасақтау – қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерімен жүргізіледі.

1-қадам – білім беру бөлімі күнтізбелік жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде интернет-ресурсқа мемлекеттік тапсырысты алуға өтінім қабылдаудың басталғаны туралыақпарат орналастырады.

2-қадам – жекеменшік мектеп күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмеген мерзімде білім беру бөліміне өтінімбереді. Конкурсқа қатысу үшін мектеп келесі құжаттарды ұсынады:
1) Комиссия төрағасының атына өтініш;
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның көшірмесі;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) жарғының көшірмесі;
5) екінші деңгейлі банктермен берілетін банк берешегінің жоқтығы туралы анықтама (еркін нысанда);
6) мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін берешектің жоқтығы (болуы) туралы анықтама;

3-қадам – білім беру бөлімі конкурс өткізу мерзімдерінкүнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірілмеген мерзімде белгілейді.

4-қадам – мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін Комиссия құрылады, оның құрамы білім беру бөлімімен бекітіледі. Комиссияның құрамына жергілікті өкілдеуші және атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, педагогтар мен ата-аналар қоғамдастығының өкілдері кіреді. Конкурстық комиссия тақ санды көлемнен тұрады, бірақ бес адамнан аз болмауы тиіс. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен, отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері санының қарапайым дауыс басымдылығымен қабылданады және отырыс хаттамасымен рәсімделіп, төрағаның қолы қойылады. Дауыстар теңдей болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

5-қадам – Комиссия отырыстан кейін 3 жұмыс күні ішінде орындар санының көрсетілуімен мемлекеттік тапсырысты орналастыруға арналған мектептер тізімін бекіту туралы шешім шығарады.

6-қадам –Комиссияның шешімі білім беру бөлімінің интернет-ресурсында жарияланады.

Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік мектептер конкурстан өтпестен отырыс хаттамасына енгізіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысымен: «Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке каптиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады»делінген  2018 жылғы 10 қаңтарындағы«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, Оқытудың кредиттік технологиясының ескерілуімен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, жоғары білім мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына қатысты қаржыландыру әдістемесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес жаңадан енгізілетін жекеменшік мектептер үшін жан басына қатысты нормативтік мөлшері анықталды*. Нормативке жекеменшік инвесторлардың жаңа оқушы орындарын енгізгені үшін ынталандыру компоненті енгізілді.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру – жекеменшік мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру туралы акті алынып, білім беру қызметімен айналысу құқығын беретін лицензия алынып, ата-ананың таңдауы бойынша оқушылар қабылданғаннан кейін жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн.

Мектеп құрылысына жұмсалатын шығындарды өтеу шарттары:

·      Жылына 1 оқушыға 96 АЕК мөлшерінде күрделі шығындар мен ЕБД сыйақысының бір бөлігін өтеуге арналған ынталандыру компонентін төлеу;

·      Ынталандыру компоненті іс жүзіндегі әр балаға төленеді, бірақ жобалық қуаты бойынша санынан аспайды;

·      Жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсаты 20 жыл бойы өзгертілмейді;

·      8 жыл өткеннен кейін мұндай мектеп үшін жан басына қатысты норматив мөлшері ынталандыру компоненті сомасына азайтылады;

·      Бір заңды мекенжай бойынша бір ғимаратқа ынталандыру компонентін төлеу 1 рет жүргізіледі. Әрі қарай табысталған жағдайда (сатып алу/сату, сыйға тарту),ынталандыру компонентін төлеу қайта жүргізілмейді.

Бұл шаралар орта білім беру саласына жеке инвестициялар салуды белсендендіру бойынша импульсбереді, мемлекеттік мектептердің жүгін ішінара босатады және оқушы орындарының тапшылығын төмендетуге жәрдемдеседі.

* Орта білім беретін жекеменшік ұйымдардың жаңадан енгізілетін орындары – жаңадан салынған ғимараттар (жаңа жекеменшік білім беру ұйымы), жаңадан салынған жапсарлас құрылыстар (жұмыс істейтін жекеменшік білім беру ұйымы) болып табылады.

 


 

 Студенттер үйінің құрлысы туралы


  «Қазақстан Республикасы Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы» бойынша үшінші бастама "Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың студенттер үйі жағдайын жақсартуды"  іске асыру аясында облысымызда 9 студенттер үйінің құрылысы жоспарланған, жалпы қуаттылығы – 2 730 орын, жер учаскелері белгіленген, ЖСҚ телу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қаржыландыру механизмін өңдегеннен кейін құрылысты бастауға дайынбыз.
      Қазіргі уақытта облыстың 4 жоғары оқу орнында 11,4 мың студент және колледждерде – 17,6 мың студент білім алуда.
      Жалпы облыс бойынша 4 мыңнан аса студент студенттер үйіне мұқтаж.

  •  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде Павлодар қаласы әкімінің 2018 жылғы 7 тамыздағы № 896/25 қаулысымен ПМПУ студенттер үйі құрылысына Павлов көшесі, 72/1 мекен жайы бойынша жалпы алаңы 0,4 га жер учаскесі белгіленді.
    Учаске жаңа Сарыарқа шағын ауданында орналасқан. Қадамдық қолжетімділікте дүкендер мен тұрғындарға қызмет ұсынатын объектілер орналасқан. Көлік қатынасы жақсы (автобустар, трамбайлар, маршрутты таксилер), оқу корпусына дейін уақыт жолы 25-30 минутты құрайды.
    Жобалық қуаттылығы 750 орындық секциялық үлгідегі үш подъезді, 9 қабатты студенттер үйі құрылысы жоспарлануда.
    Қазіргі уақытта техникалық ерекшелік пен ғимаратты жобалау әзірленген, ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланған. Өтінімдерді қабылдау а.ж. 4-19 қазан аралығында. Келісім-шарт жасаудың болжамды мерзімі 2018 жылғы 20-25 қараша.
        МЖӘ жобалары аясында қаржыландыру мәселесі бойынша инвесторларды іздестіру қатар жүргізілуде.
  •  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіқазіргі уақытта С.Торайғыров атындағы ПМУ аумағында 500 орындық студенттер үйі құрылысына алаңы 0,79 га жер учаскесі бөлінді, жер учаскесін мақсатты тағайындалуына тиісті өзгерістер енгізіліп, бекітілді (қала әкімінің қаулысы, жер комиссиясының қорытындысы). Сонымен қатар барлық қажетті техникалық шарттар (су, жылу және электрмен жабдықтау) алынды. ЖОО аумағында алаңы 0,79 га жер учаскесі бар, құрылыстың сметалық құны 1,35 млрд. теңгені құрайды. Ғимараттың эскиз жобасы мен архитектуралық-жоспары әзірленген. ЖСҚ әзірлеу бойынша өткізілген конкурс қорытындылары бойынша 10 тамызда «Павлодармостпроект» ЖШС жеңімпазы анықталды. 2018 жылғы 27 қазанда мемлекеттік сараптама бойынша конкурс жеңімпазы анықталатын болады.
    МЖӘ жобалары аясында қаржыландыру мәселесі бойынша инвесторларды іздестіру қатар жүргізілуде және екінші деңгейлі банктермен несие және пайыздық мөлшерлемені азайту мәселелері талқылануда.
  • Ақсу қара металлургия колледжі жанынан студенттер үйі  – «Ақсу қара металлургия колледжі» КМҚК жанынан Ақсу қаласында 200 орындық студенттер үйі құрылысына ЖСҚ әзірлеу" (телу)»жобасы бойынша «ТехноЭксперт Астана» ЖШС сараптама ұйымының 2018 жылғы 26 маусымдағы №Техэксаст-0024/18 қорытындысы. Ғимараттың жалпы алаңы 4152,7 кв.м. құрайды. Құрылыстың сметалық құны 2018-2019 жылдардағы құнында – 716,343 млн. теңге. 

  •  Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі – «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» КМҚК жанынан Павлодар қаласында 200 орындық студенттер үйі құрылысына ЖСҚ әзірлеу" (телу)»жобасы бойынша «ТехноЭксперт Астана» ЖШС сараптама ұйымының 2018 жылғы 26 маусымдағы №Техэксаст-0024/18 қорытындысы. Ғимараттың жалпы алаңы 4152,7 кв.м. құрайды. Құрылыстың сметалық құны 2018-2019 жылдардағы құнында – 718,061 млн. теңге. Іске асыру мерзімі – 2019 ж.

  •  Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі.
    200 орындық студенттер үйі құрылысы үшін облыс білім беру басқармасы арнайы мектеп-интернат аумағында Щедрина көшесі бойынша 0,5055 га аса жер учаскесін белгіледі. Қазіргі уақытта аталған жер учаскесін бөлу және мақсатты тағайындауға өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде (мерзімі – а.ж. қазанның соңына дейін). Аталған учаскеге ЖСҚ бар телу жүргізілетін болады.

 

Студенттер үйінің құрылысы туралы сұрақтарға материалдық-техникалық жарақтандыру және тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінен жауап алуға болады Тел. +7 (7182) 32-80-10 +7 (7182) 32-47-92

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер