Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «The Best Mobile App – 2018» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына қатысуға шақырамыз

 

    2018 жылғы 1 қараша мен 21 желтоқсан аралығында бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу аясында инновациялық технологиялардың рөлін көтеру, мобильді платформалардың қосымшаларын бағдарламалау және дизайндеу аясында оқушылардың білімі мен қабілеттілік деңгейін көтеру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «The Best Mobile App – 2018» атты  облыстық мобильді қосымшалар конкурсы өткізіледі.
     Конкурс ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.
   Конкурсқа жалпы білім беру мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.    
    Әдістемелік және техникалық талаптарға сай жұмыстар 2018 жылғы 1 мен 7 желтоқсан аралығында Павлодар қ., Бектуров көшесі,  14 үй мекен жайы бойынша (1 қабат)  және konkurscit@bk.ru электрондық поштасында қабылданады. (өтінімдер мен жұмыстардың қабылдауы 07.12.2018 ж. сағат 18.00-де тоқтатылады).

Конкурс ережесі>>>

 

  

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер