Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз

 

   2018 жылғы 1 қараша мен 7 желтоқсан аралығында білім алушылардың Қазақстанның келешек экономикасы мен еңбек нарығына қажетті және сұранысқа ие болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауы үшін мамандықтарды зерделеудегі шығармашылық ыңғайын белсендендіру, білім алушылар мен педагогтерді  бірлескен қоғамдық-мәнді кәсіптік бағдар қызметіне тарту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар» атты  облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы өткізіледі.
    Конкурс ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.
   Конкурсқа жалпы білім беру мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.
    Әдістемелік және техникалық талаптарға сай жұмыстар 2018 жылғы 1 мен 30 қараша аралығында Павлодар қ., Бектуров көшесі,  14 үй мекенжайы бойынша (1 қабат)  және konkurscit@bk.ru электрондық поштасында қабылданады. (өтінімдер мен жұмыстардың қабылдауы 30.11.2018 ж. сағат 18.00-де тоқтатылады).

Конкурс ережесі>>>

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер