Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Еліміздің үздік мектеп музейлерінің бірі Павлодар облысында!

 

   2018 жылғы 1-2 қараша аралығында Астана қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша мұражай педагогикасы құралдары арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіруді және бірегейлігін қалыптастыру процесінде жаңа тәсілдемелерді іздеу мақсатында Республикалық «Үздік мектеп мұражайы» конкурсы өтті.
Конкурсқа еліміздің облыстарынан 19 үздік мектеп мұражайы қатысты. Павлодар облысынан конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпазы Баянауыл ауылындағы Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының мұражайы бақ сынасты.
Конкурс қорытындылары бойынша «Әдебиет мұражайлары» номинациясында біздің мектеп мұражайымыз жүлделі II орынға ие болды.
Аталған конкурста Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының оқушысы Жанқозы Алтынбекұлы Жұмат мен мұражай жетекшісі Аслан Сансызбайұлы Бейсекеев Павлодар өңірінің намысын қорғады. Республикалық конкурстың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер