Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Павлодар өңірінің тарих білгірлері

 

   Алматы қ. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізінде 2018 жылғы 1-3 қараша күндері өткізілген «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар І республикалық зияткерлік конкурсына 90 оқушы қатысты.
Конкурс екі турда өткізілді: І тур – Қазақстан тарихынан тест тапсыру; ІІ тур – 4 номинация бойынша: «Менің кішкентай Отанымның тарихы» – елді мекеннің тарихын презентация немесе бейнефильм форматында ашу; «Кішкентай Отанымның символы» – кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болатын жануар, өсімдік, адам, құбылыс және т.б. туралы презентация немесе бейнефильм форматында баяндау; «Менің кішкентай Отанымның болашағы» – нысан макетімен презентация түрінде таныстыру; «Менің туған өлкем» – өз елді мекені туралы эссе жазу.
Павлодар облысынан конкурсқа облыстық кезеңінің жеңімпаздары – Павлодар қ. №25 ЖББОМ-нің оқушысы Социалова Гүлдана, Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Сансызбай Сәния, дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы Рашитова Алия, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Алишева Диана қатысты.
Конкурс қорытындысында дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Алишева Диана I орынға ие болды (мұғалімі Джежора С.Н.). Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Сансызбай Сәния «Дарын» РҒПО-ның грамотасымен марапатталды (мұғалімі Каримжан Ж.Т.).

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер