Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Павлодар облысының жас зерттеушілер конкурсы

 

   Павлодар қ. 2018 жылғы 2 қарашада 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылардың белсенділігі жыл сайын артуда. 2017-2018 оқу жылы конкурсқа 399 оқушы қатысса, биыл қатысушылар саны 420-ге дейін өсті.
Конкурс қорытындысы бойынша 196 жобаның авторы (240 қатысушы) жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орында – 16 жобаның авторы (22 қатысушы), ІІ-ші орында – 71 жобаның авторы (89 қатысушы), ІІІ-ші орында – 109 жобаның авторы (129 қатысушы).
Алғыс хаттармен 5 ең жас зерттеуші - 1 сынып оқушылары ынталандырылды.
Жоғары қатысу рейтингін дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің, дарынды балаларға арналған Абай ат. №10 лицей-мектебінің, Павлодар қ. №№21, 25 орта мектептерінің оқушылары көрсетті. Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер