Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2


 

Қала мектептеріндегі күзгі демалыс

 

   Павлодар қаласының мектептері мен мектептен тыс мекемелердің жоспарына сәйкес, күзгі демалыста 30 мыңнан аса оқушы демалысқа арналған іс-шараларға қатысқан болатын.
Оқушылардың күзгі демалысы 12 қосымша білім беру мекемелері мен 17 аула клубтарының ұйымдастырумен өтілген жобаларға 10000 аса оқушы қатысқан болатын. Осы жобалар негізінде музыкалық, техникалық, көркемдік, лингвистикалық бағытта және экскурсиялар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
10 мыңнан аса оқушы Ж. Айтаутов, Чехов атындағы дрматеартларға, кинотеартларға, қала мұражайларына барды.
Облысымыздің 72 оқушысы «Алматы-Үшқоныр» 2 күндік саяхатқа сапар шеккен болатын, оның ішінде қаламыздың № 5, 14, 25, 32, 35 ЖОМ7 оқушысы барған болатын. Оқушыларымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайына, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына, «Батыр Бабалар» мемориалдық кешенге, ҚР Тұңғыш Президентінің қорына, Тәуелсіздік Монументіне, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайына, Алматы қаласындағы 28 гвардия-панфиловцев атындағы алаңына барған болатын. Осы сапардың нәтижесі оқушыларымыз эссе байқауына қатысады.
Назарбаев зиаткерлік мектепте оқушылар арасында өткен «Креатив-бой» интеллектуалдық ойында облыс мектептерінің ішінде № 9, 39 ЖОМ 7 - 9 сыныптар арасында 8 оқушыдан тұратын командалар қатысқан болатын.
Ойын нәтижесінде № 39 ЖОМ «Smart» командасы ІІ орын, № 9 ЖОМ «Девяточки» командасы ІІІ орынды иеленді.
2018 жылдың 30 қазанында 2 - 4 сыныптардың 144 оқушысы бастауыш сынып арасындағы «Бастау» қалалық математикалық турнирге қатысқан болатын. Байқау нәтижесінде 23 оқушы байқаудың жеке тобында жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанса, 26 мектеп командасы және 78 оқушы командалық байқаудың жеңімпаздары атанды.
2018 жылдың 1 қарашасында қаламыздың 36 білім беру мектептерінің 8 - 11 сынып оқушылары республикалық ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңге 16 секция (физика, Жер мен Космос ғылымы, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, адамның айналасын қорғау және адам денсаулығы, тарих, өлкетану, адам және қоғам, әдебиет, этномәдение және тілтану) бойынша 228 жоба ұсынған болатын.
Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 30 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 52 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 94 оқушы марапатталды.
2018 жылдың 29 қазанымен - 3 қараша арасында жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына және пән олимпиадасына қатысушыларға арналған күзгі оқу-жаттығулары өткізілген болатын.
Бұл оқу-жаттығуларына 32 білім беру мектебінің 8 - 11 сыныптарының математика, физика, биология, химия, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқықтану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын және неміс тілдерінен 150 оқушысы қатысты. Оқу жаттықтыру жұмыстарына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және ЖОО-ның педагогтары өткізген болатын. 2018 жылдың 2 қарашасында Оқушылар сарайында өткен репсубликалық «Алтын Қазына» көрмесіне 500 оқушы барды.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер