Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Екібастұз қаласының мектептерінде интегралданған қолжетімділікті бақылау және басқару жүйелерінің жабдықтарын орнату және пайдалануға беру

 

Жобаның жалпы құны – 19 400,0 мың теңге.
Жобаны іске асыруға 12 турникет пен санауыш құралдары орнатылатын Екібастұз қаласының 4 мектебі жұмылдырылды.
Жобаны іске асыру мерзімі мен МЖӘ келісім-шарттарының іс-қимылы: 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы желтоқсанға дейін. МЖӘ жобасын іске асыру тәсілі – шарттық.
Ағымдағы статус: МЖӘ жобасына инвестициялық ұсыныс дайындалды. Барлық қажетті экономикалық көрсеткіштердің инвестициялық ұсынысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына экономикалық қорытынды алу үшін жіберілетін болады.
Павлодар қаласы мен Екібастұз қалаларының мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінде интегралданған қолжетімділікті бақылау және басқару жүйелерінің жабдықтарын орнату және пайдалануға беру жобаларын іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында цифрландыру туралы» Жолдауын іске асыруда өзекті.
Жобаларды іске асыру кезінде туындайтын негізгі мақсат: «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, террористік қарым-қатынасқа осал объектілерді террористікке қарсы қорғау жүйелері; білім беру ұйымдарына, оның ішінде мектеп асханалары, кітапханаларға кіріп-шығу есебін автоматтандыру, баланың мектепте болған уақыты туралы тегін мобильдік қосымша көмегімен ата-аналарды хабарландыру, асханадағы онлайн-ас мәзірі, түскі асқа тапсырысты қалыптастыру, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында сәйкестендіру көмегімен асханада тамақтануына қолма-қол ақшасыз есептесу және бақылау.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер