Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодар қаласы мектептерінің асханаларын жаңарту және пайдалануға берудің бес жобасы, оның ішінде:

 

Павлодар қаласының № 1, №5, №12, №18, №23, №27, №41 мектептерінің асханаларын жаңарту және пайдалануға беру; Павлодар қаласының № 2, №6, №7, №11, №16, №28, №30, №34, №35, №43 мектептерінің асханаларын жаңарту және пайдалануға беру; Павлодар қаласының № 4, №17, №21, №24, №25, №26, №37, №42 мектептері, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектептерінің асханаларын жаңарту және пайдалануға беру; Павлодар қаласының № 9, №13, №14, №15, №19, №22, №29, №36, №39 мектептерінің асханаларын жаңарту және пайдалануға беру; Облыстық мамандандырылған мектептерінің асханаларын жаңарту және пайдалануға беру.
Аталған жобаны 2017 жылғы 3 қарашада партияның әлеуметтік кеңесінде «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың баяндамасын іске асыру аясында ұсынылған, онда партияның стратегиялық бастамалары, оның ішінде мемлекеттік стандарттар бойынша сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру, бірыңғай стандарттар бойынша мектеп асханаларының жабдықтарын жаңартуға бизнестің қатысуымен «Өңірлерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын кеңейту» жобасы сөз етілген. Білім беру саласында МЖӘ іске асыру үшін «Мектеп асханаларын жаңарту» жобасы ұсынылған.
Жобаны іске асыру нәтижесінде білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша сапалы қызметтерді ұсыну, жоқ жабдықтарды сатып алу және ескірген жабдықты жаңасына ауыстыру, оқушылар мен мектептердің барлық қызметтеріне сапалы тамақтануды ұйымдастыру жүзеге асырылатын болады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы МЖӘ жобасын іске асыру тиімділігінің оң экономикалық қорытындысын берді.
Жеке серіктестікті анықтау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңымен реттелген конкурс принциптерін сақтай отырып, конкурс негізінде және мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
5 МЖӘ жобасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасы – 405,7 млн. теңге. Жобаны іске асыру мерзімі мен МЖӘ келісім-шарттарының іс-қимылы: 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы желтоқсанға дейін

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер