Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту

 

Павлодар облысының білім беру басқармасы 2018 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ» механизмін енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.
2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша білім беру саласы бойынша жалпы 14 МЖӘ жобасын іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
Алты мектепке дейінгі балалар ұйымына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:
«Асем-Ай» балаларды дамытудың шағын орталығы» ЖШС; «Лингва» ЖШС; «Игілік» балаларды сауықтыру-дамыту орталығы» ЖШС; «Smart kid» сәбилер бақшасы» ЖШС; «Солнышко» жеке меншік сәбилер бақшасы» мекемесі; «Инара» балаларды дамыту орталығы» ЖШС.
Аталған жобаны әлеуеттік жеке меншік әріптестер (жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар) бастамашылық етті.
МЖӘ конракт тәсілі бойынша іске асырылады.
Аталған механизм аясында келесі мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады: мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын ұсыну есебінен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру барысында жүргізілетін белгілі тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемін тұтыну.
Жобаны іске асыру мерзімі мен МЖӘ келісім-шарттарының іс-қимылы: 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы желтоқсанға дейін.
Жобаның ағымдағы статусы: жобаны іске асыру тиімділігіне сараптама жүргізіліп, біліктілік іріктеу, бизнес-жоспардың салалық сараптамасы, тікелей келіссөздер жүргізу бойынша екі отырыс өткізілді.
МЖӘ шеңберінде күтіліп жатқан мемлекеттік тапсырыстың жалпы сомасы 5 жылға – 1 170,5 млн теңге. Тәрбиеленушілердің контингенті – 881 бала.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер