Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

"Мұғалімнің мәртебесі туралы" жобасын талқылау

 


     Елбасы Жолдауын орындау мақсатында ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуде. Осы заң жобаларын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды.

       Мектеп, колледж, ЖОО педагогтарын, мемлекеттік органдар өкілдерін, ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. ҚР БҒМ барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды шақырады. Осы заң жобаларына қосар ұсыныстарыңызды 325093@mail.ru электронды адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.

 

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМА ЖОБАСЫ

 

«Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы

 



 

 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен  «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасы әзірленуде. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында сөз болған жаңа Заң мұғалім мәртебесін арттыруды көздейді.

      "Павлодар қаласының №41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің" мұғалімдері «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасына өз ұсыныстарын ұсынады.

- педагогке  еңбек өтілі 25 жылдан кейін (бала күту демалысын ескере отырып)  зейнеткерлікке шығуына жағдай жасау;
-оқу жүктемесін 16 сағатқа азайту;
-сынып жетекшілер үшін жеке жүктеме енгізу;
-еңбек демалысының 56 күнін сақтай отырып, бескүндік оқу жүйесін енгізу;
-жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалау;
-педагогтарды аттестаттау кезінде біліктілік тестілеуін қайта қарау;
- жеке тұрғын үй алаңы жоқ педагогтарға кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй берілсін.
-коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер;
-жазғы уақытта мұғалімдерді сауықтыру үшін тегін шипажайлар ұйымдастыру;
-педагогке қандай да бір газетке немесе журналға жазылу құқығын қалдыру.

Павлодар қ. №41 ЖОМ


 

БІЛІМ САПАСЫ МЕН МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бір байқағанымыз, Жолдауда «білім» сөзін жиі кездестіреміз. Бұл білім саласы басты назар¬да екенінін бірден-бір дәлелі. Әсі¬ре¬се, мұғалімдердің жалақысы бі¬ліктілігінің расталу¬ына байла¬нысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ха¬лық ерекше ықыласпен қа¬был¬дады. Елбасы осы мақ-сат¬т¬а биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Жолдаудың бір ерекшелігі – мұн¬да білім саласының барлық са¬тылары бойынша нақты мін¬дет¬-тер айқындалған. Мысалы, Елбасы орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейне¬сабақтары мен бейнелек¬цияларын интернетке орналас-ты¬¬ру керек екенін атап өтті. Бұл расымен, еліміздің түк¬пір-түк¬пі¬ріндегі ұстаздарға қолже¬тім¬ді әрі пайдалы дүние болары анық. Сонымен қатар бұл ауыл мен қала білімін теңестіруге жағ¬дай жасайды деп ойлаймыз. Президент Жолдауда ЖОО бойынша да нақты міндеттер қойған. Оның ішінде Президенттің аг¬рар¬лық университеттердің рө¬лін қайта қарау туралы ойына ерек-ше тоқталсақ болады. Се¬бебі Елбасы мұндай оқу орын¬дବрының диплом беріп қана қо鬬¬май, ауыл шаруашылығы ке¬ш嬬нінде нақты жұмыс істейтін н嬬месе ғылыммен айналысатын м¬а¬мандарды даярлау керек екенін айтты. Агроөнеркәсіп са¬ласының Қазақстан экономи¬ка¬сында алатын рөлінің ерекше ек嬬нін ескерсек, бұл жоғары оқу орын¬дарындағы оқу бағ¬дар¬ла¬ма¬лары жаңартылып, агро¬өнер-кәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибе сабақтасса, саланың дамуына ерекше үлес болары сөзсіз.
 Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Болашақ ұстаз да, дәрігер де, инженер де, біздің еліміздің болашағын жасайтын кадрлардың бәрі мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады. Әрбір үйде бала бар, ел боламыз десек, баланы бесіктен тәрбиелеуіміз керек. Ендеше оны тәрбиелейтін, жоғары деңгейге жеткізетін – ұстаз. Ұстаздардың атынан үлкен рахмет.

«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп»ММ-нің кәсіподақ төрайымы:
Ж.Ж.Жунусова


 

 

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» талқылауы

        Павлодар облысы, Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының ұжымы ««ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ»  заң жобасын ұжымда талқылады.  Ұсынылған заңнамадағы   педагогтардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін  қорғау көзделгендігі  педагог қызметкерлер арасында  қолдау тапты.  Сонымен қатар, педагог қызметкерлер өз пікірлері мен қосымша ұсыныстарын білдірді. Атап айтсақ:
•    Қалалық қоғамдық көліктердің  жол жүру ақысы педагог қызметкерлерге   50% жеңілдік берілсе;
•    Қалалық жерлерде тұратын  педагог қызметкерлер  үшін коммуналдық қызмет ақысы да  жеңілдетілсе.
Ұсынылып отырған Заң жобасы педагог мәртебесін жоғарлатуға
бағытталғанын, оған  құқық пен кепілдіктерді,  академиялық бостандықтарды, педагогикалық және ғылыми шығармашылықты іске асыратындығы  педагог қызметкерлер жақсы түсінеді.

Гимназия директорының м.а   Дюсембаев А.К

 

 

 

"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының №2 жобасын талқылау»

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында А.Назарбаев педагогикалық құрамның сапасын арттыру қажеттігін ерекше атап өтті. "Педагогикалық құрамның сапасын арттыру маңызды. Базалық педагогикалық білім беру стандарттарын, мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әрбір өңірде педагогтардың біліктілігін арттырудың интеграцияланған орталықтары жұмыс істеуі тиіс", - деп атап өтті Президент "әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты"атты Қазақстан халқына Жолдауында.
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының №2 жобасын талқылай отырып, заңда оң бөлімдерді атап өткім келеді. Жобада 5 тарау ұсынылған. Жалпы ережелер, негізгі ережелер, мақсаттары, міндеттері мен принциптері, итд педагогикалық қызметінің субъектілері. 11-бабын ерекше атап өткіміз келеді. "Педагогтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу 1. Педагогтың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады". Жеке және отбасылық құпия иә, бұл дұрыс. Бірақ біз педагогтің "жеке өмірі" заңмен қорғалуы тиіс дегенімен келіспейміз. Қазір оқушылар арасында жиі орын алатын нәрсе ол жас маман болып келген ұстазға сүйіспеншілік сезімінің орын алуы.  Жоғары сынып пен жас мұғалім арасындағы қарым-қатынас туралы жаңалықтардан жиі  естуге болады. Егер заң бойынша педагогтың жеке өмірін қорғау керек болса, онда жоғары сынып оқушысы мен жас маман арасындағы қарым-қатынас осы Заңмен қорғала ма?!Сондықтан біз педагогтың жеке өмірі шымылдықтың астында болмауы керек деп ойлаймыз. Педагогтың жеке өмірі ашық болуы және қоғамға үлгі үшін орын алуы тиіс. Өйткені қазіргі мұғалім тек білім жүйесін ғана меңгеріп қоймай,рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуі тиіс, оқушылардың әлеуметтік дүниетанымын,  өмірге көзқарасын қалыптастыруы тиіс.




Ажар Абылқаирова,
Шарбақты ауданы оқу бөлімінің маманы

 

«Педагог статусы» туралы Заң жобасы


   Павлодар облысы Май ауданы Саты жалпы орта білім беретін мектепте «Педагог статусы» туралы Заң жобасын талқылау отырысы өтті. Талқылауға 14 мұғалім қатысты.
   Ең алдымен ҚР БҒМ ұсынылған «Педагог статусы» туралы Заң жобасы тақырыбындағы слайд-презентация көрсетілді.
Содан кейін мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Кенжебаева сөз алды: Бұл заң жобасы мұғалім әрекеті мен жаупкершілігін реттейтін тамаша мүмкіндік. Бұл көп мұғалімге өз уақыты мен еңбегін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ал бұл сөзсіз білім сапасына көбірек уақыт бөлуге жағдай туғызады.
   Математика пәнінің мұғалімі  С.Бикенова «Президенттің өзінің Қазақстан халқына жолдауында жария еткен бұл Заңы, көпшілікке мұғалімнің миссиясын түсініп, біздің еңбекті қадірлеуге жол ашады. Бұл заң мұғалімдер үшін барлық ынталандыруларды қарастырып, мұғалім жүктемесін азайтады деп үміттенеміз. Сонымен қатар көптеген негізсіз тексерулерден де босатады деген ойдамыз».
Технология пәнінің мұғалімі  А.Сыздыков: Мұғалімнің қандай болу керектігін, өзімізден басқа ешкім білмейді. Біздің еңбектің қиыншылықтары туралы айтсақ, бұл тек еңбекақы мен еңбек жағдайлары ғана емес. Бұл көбінде мұғалімнің өзіне тән емес жұмыстар мен айналысуы.
Пікірталастар мен талқылаулардан кейін отырыс «Педагог статусы» туралы Заңға төмендегідей ұсыныстарды енгізуді шешім етті:
1.    Пән бойынша жүргізілген сабақтан және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізгені үшін төлем жүргізу жүйесі енгізілсін. Сонымен қатар сынып жетекшілік үшін төленетін қосымша ақы мөлшері де қарастырылсын;
2.    25 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер үшін қызмет ету мерзімі бойынша зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі қарастырылсын;
3.    Еңбек өтілі көп жыл мұғалімдер ұлттық квалификациялық тест тапсырудан босатылсын;
4.    Ауылдық жерге жолдама бойынша жұмыс істеуге келген педагогикалық мамандығы бар түлектерге жеңілдіктер, соның ішінде үй алу үшін қарастырылсын;
5.    Білім беру ұйымдарының жұмысшыларын мамандыққа сай келмейтін жұмыс түрлерінен босату.
6.    Педагог қызметкерлерді бірінші кезекте жеңілдікпен арендалық тұрғын үй алатын азаматтар категориясының тізіміне енгізілсін;
7. Еңбекақы көлемі қарастырылып, мұғалім еңбегінің бағалануы сұрақтары шешілсін. Мұғалім еңбекақысы барлық қосымша төлемдерді қоса алғанда өте төмен.

 

 

 №24 ЖОМ ММ мұғалімдері «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заң жобасын талқылады


    Біздің мұғалімдер аталған жобаны қолдап, мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін  өздерінің ұсыныстарын білдірді:
- педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл толған мұғалімдерімен біліктілік тестін тапсырмау;
- қызмет атқарған жылдар бойынша зейнетке шығу;
- қызмет атқарған жылдар бойынша зейнетке шыққан мұғалімдерге мектепте педагогикалық қызметін жалғастыруға рұқсат беру;
- қала мектептерінің мұғалімдеріне коммуналдық қызмет төлемдеру бойынша жеңілдіктерді қайта жаңарту;
- зейнетке шыққан кезде зейнетақы қорын толық көлемде төлеуді іске асыру;
- шипажайлық-емдік мекемелерге жеңілдік жолдамаларының санын арттыру;
- әдістемелік бірлестік жетекшілеріне ӘБ жетекшілігі үшін төлемақыны енгізу;
- пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің міндеттерін арнайы тәрбиеші жүктемесін енгізу арқылы белгілеу (НЗМ сияқты);
- еңбекақыны көтеру.
Елбасымыз өз Жолдауында атап өткен Жаңа Заң көпшілікпен мұғалімнің зор еңбегін сезініп құрметтеуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер