Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 22  қарашада 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 17 градус, жел 5  м/с

 


 

Инновациялық менеджмент - білім беру сапасын арттыру негізі

5bea7d6b583ac      

    2018 жылғы 13 қарашада дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында «Инновациялық менеджмент – білім беру сапасын арттыру негізі» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинар жұмысына облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттер/орталықтар басшылары мен әдіскерлері қатысты.
Семинарда Павлодар облысының әдістемелік қызметінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Аймақтық білім беру жүйесінің инновациялық қызметінің ғылыми-әдістемелік мәселесі туралы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы басшысының орынбасары Нағима Сейпілқызы сөз сөйледі.
    Аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттер меңгерушілері, білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп ұстаздары семинар қатысушыларын әдістемелік қызмет жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.
     Семинар қатысушыларының таныстырылымдарында қалалық әдістемелік қызметтің, аудандық желілік қоғамдастық қызметінің ұйымдастырылуына баға берілді, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу тәжірибесі ұсынылды, қалалық және ауылдық мектеп жағдайында педагогикалық үдерісті басқарудағы инновациялық менеджмент, шекаралас мектептердің қызметтестігі, білім беру сапасын арттыруда қосымша білім беру ресурстарын пайдалану бағасы берілді.
    Павлодар қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының және «Өрлеу» БАҰО тренерлері «Білім берудегі көшбасшылық – мектепті басқарудағы заманауи амалдардың бірі» тақырыбы бойынша әдістемелік студия ұйымдастырды.
   Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлерін, аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттер меңгерушілерін, сондай-ақ, Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінің директоры Т.А. Мигунова, орынбасары Ж.Ж. Жақсылықова,  Ертіс  ауданының Северный ЖОМ-ның директоры Н.М. Жүсіпов, дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының директоры А.С. Рахымжанова, Павлодар қ. №40 ЖОМ-ның директоры Л. В. Задубняк, Ақсу қаласының «Ақсу» балалар экотехноорталығының басшысы Ж.А. Ақышева, «Өрлеу» БАҰО және Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері М.В. Подолец, А.Р.  Ибраева, Г.О. Ли, Б.Д. Нығметова, И.И. Айдарханованы алғыс хаттармен марапаттады. Семинар қорытынды бойынша қатысушылар білім беруді дамытуға қатысты ұсыныстар шығарды.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер