Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 20 қарашада 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 24 градус, жел 5  м/с

 


 

«Қайырымдылық вагоны»

E5E0EC0C-A737-42DA-BAD6-10E374D8A39F

   

    Павлодар қаласы К.Макпалеев атындағы № 4  ЖОМ-нде  «Павлодар жүрегі» ҚҚ, «Добряков» клубы еріктілерімен  бірге  күзгі каникул кезінде  «Қайырымдылық вагоны» акциясы басталды. Акция  өткізу  бастамашысы 8 сынып оқушысы , қаладағы ең жас Ерікті,  Анель Моторина болды. Оның  акцияны  мектепте өткізу туралы   бастамасын  сыныптастары, ата-аналары мен мектеп ұстаздары қолдады. Мақсаты - баспанасыз қалған үй жануарларына көмек көрсету. Акция аясында  2018 жылғы  30 қазаннан  1 қарашаға дейін  оқушылар  топ болып  мектеп мұғалімдерімен бірге  қала тұрғындарын  акцияны  қолдауға үндеді - үндеу қағаздарын таратты. Баспанасыз қалған үй жануарларына «Сургут» дүкені, Диспетчер ауданындағы, «Fixprice», Конституция алаңыңдағы қала тұрғындары, «Артур-5» СҮ, «Манақбай», ОӘД, оқушылар және мұғалімдер қол ұшын берді. Акция барысында  жем, жарма,  жуу құралдары  жиналды. Акция 9 қарашада 8 «а»  сынып оқушыларының қатысуымен қорытындыланды. «Павлодар жүрегі» ҚҚ директоры Гребенкина Мария қайырымдылық акция өткізгені үшін  оқушылар мен  мектептің педагогикалық ұжымына алғыс хат табыстады

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер