Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 21 қарашада  2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 20 градус, жел 2  м/с

 


 

№ 41 мектепте бизнес-кабинеті ашылды

B8856622-D6BA-4750-9EF2-97EEC0E5617B

  

   «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Халық банкі» АҚ-мен Павлодар қаласының денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы № 41 ЖОМ ынтымақтастығы аясында жаңа модификациялы мамандандырылған бизнес-кабинеттің салтанатты ашылуы өтті. Кабинеттің ашылуы Ұлттық валюта - теңгенің 25 жылдығына орайластырылды. Іс-шара ашылуына «Халық банкі» АҚ директоры Бойчин Анатолий Васильевич, БАҚ қатысты.​ Бүгінгі күні мектеп оқушылары үшін түрлі ғылымдарды, соның ішінде қаржылық сауаттылықты зерттеуге барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтары мен дизайны бар жаңа буын кабинеті мектепке қаржы сауаттылығы бойынша арнайы курс бағдарламасын толық көлемде жүзеге асыруға, зерттеулер жүргізуге және ғылыми жобаларды әзірлеуге, мектеп қабырғасында алғашқы қаржылық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Кабинетте «Халық банкі» АҚ қызметкерлерімен 10 - 11 сыныптардың 62 оқушысы үшін қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өтеді. А. В. Бойчин өз сөзінде негізгі қаржы ұғымдарына талдау жасау, нарықтағы жағдайды дұрыс бағалау, қаржыны басқару, бюджетті жүргізу, шығындарды жоспарлау, жинақтарды жинақтау және мүмкіндігінше борыштардан аулақ болу керектігін атап өтті және Теңгенің даму кезеңдері туралы айтты. Кабинетке Қазақстанның ұлттық валютасының енгізілуіне 25 жыл толуына арналған Кітаптар каталогын сыйға тартты.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер