Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 22  қарашада 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 17 градус, жел 5  м/с

 


 

Зияткерлер сайысы

IMG 9630

   

   Павлодар облысы білім беру басқармасы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2018 жылғы 15 қарашада математика, физика, информатика мұғалімдерінің VI халықаралық шығармашылық конкурсының іріктеу кезеңін өткізді. Қорғау кезеңі 2018 жылғы 1-2 желтоқсанда Алматы қаласындағы Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернатында өтеді.
    Облыстық кезең қатысушылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің және жалпы білім беру ұйымдарының ұстаздары ұсынылған тапсырмаларды шығарудың стандарттан тыс жолдарын табу, өз таңдауларын негіздеу, біліктері мен зияткерлік қабілеттерін танытуда сайысқа түсті.
Үздік нәтиже көрсеткендер:
-    Рахметов Нұрболат Заркумұлы, Павлодар қ. Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 лицей-мектебінің информатика мұғалімі, 1 орын
-    Захаров Александр Николаевич, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің физика мұғалімі,1 орын
-    Титченко Анжелика Петровна, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің математика мұғалімі,1 орын
-    Кусаинов Санат Серикович, Аққулы ауданы Потанин жалпы орта білім беру мектебінің физика мұғалімі, 3 орын
-    Ахшалова Данира Каскырбаевна, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған  мамандандырылған «Жас дарын» мектебінің математика мұгалімі, 3 место.
    Облыстық кезең қорытындысы бойынша топ құрылатын болады, олар математика, физика, информатика мұғалімдерінің VI халықаралық шығармашылық конкурсында Павлодар облысының намысын қорғайды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер