Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Облыс зияткерлерінің қоржыны толықты

IMG-20181113-WA0006

        

     Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 11 сынып оқушылыры арасындағы Президенттік олимпиада 2018 жыл 13-16 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент күндері қарсаңында жүргізілетін іс-шаралар аясында өтті. Биылғы жылғы олимпиада дәстүрлі түрде Елбасымыздың еңбек қызметі басталған металлургтер қаласы – Теміртауда ұйымдастырылды. Президенттік олимпиаданың басты идеясы – жаратылыстану-математикалық ғылымдары бойынша дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау, үздіксіз білім беру идеясын жүзеге асыру, қазақстандық зияткерлік элитасын қалыптастыру. ХI Президенттік олимпиадасының республикалық кезеңінде павлодарлық оқушылар бес жүлделі орынға ие болды. Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Ашенова Халифа мен Токкожин Арсен және «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы Муратов Ислам ІI дәрежелі дипломмен марапатталса, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы Қуаныш Еркебұлан және Павлодар қ. №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Ульянова Майя ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

 

 

IMG-20181115-WA0003

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер