Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері

DSC 0013        

     Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері 2018 жылғы 14-16 қараша аралығында пән мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында көшпелі семинар-кеңестер өткізді. Семинарға барлығы 473 педагог қатысты. Семинардың мазмұны мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетін ұйымдастыру бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесін қалыптастыру және оқушыларды ОЖСБ түріндегі қорытынды аттестаттауға дайындаудың сапасын арттыруға бағытталды. Әдіскерлер жалпы әдістемелік талаптар, тестілердің ерекшелігімен таныстырды, интернет-ресурстар мен ОЖСБ-ға қатысушыларға арналған ақпараттар ұсынды. Іс-шараның соңында тыңдаушыларға әдістемелік материалдар мен ұсыныстар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер