Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Бақытты отбасы» облыстық конкурсы

 

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағдарламшасын іске асыру шеңберінде Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2018 жылғы 20 қарашада «Бақытты отбасы» конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты – қоғамның назарын отбасы институтына, отбасылық дәстүрлерді нығайтуға аударту, отбасыға деген құндылық қарым-қатынасын тәрбиелеу болып табылады
Конкурсқа 13 отбасы – қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Конкурс келесі кезеңдер бойынша өтті: «Менің отбасым» командалардың таныстыруы, «Бізге шабыт келді!» шығармашылық конкурсы, «Отбасылық тәрбие құпиялары» конкурсы.
Байқауда 1 орынды – Павлодар ауданының «Ұлағат» командасы, 2 орынды – Ақсу қаласының «Тамыры терең байтерек» командасы, 3 орынды – Аққулы ауданының «Бірлік» командасы иеленді Конкурс жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер