Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсының қорытындысы

 

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесе отырып 2018 жылғы 23 қарашада Тараз қаласындағы Сыныптан тыс іс-шаралар мен олимпиадаларды өткізу орталығында тірек мектептері жұмысының негізгі бағыттары бойынша республикалық семинар өткізді. Онда «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсының қорытындысы жасалды.
Конкурстың қорытындысы бойынша Ақсу қ. №2 ЖОМ-ның ресурстық орталығы (директор: Шалабаева А.О.) І орынға ие болды, Екібастұз қ.С. Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің ресурстық орталығы (директор: Темірханов Т.Т.) ІІ орынға ие болды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер