Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Ресурстық орталық мұғалімдерінің жаңартылған білім мазмұнын енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеу» дөңгелек үстел

 

   2018 жылғы 28 қарашада Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Ресурстық орталық мұғалімдерінің жаңартылған білім мазмұнын енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің жұмысына ресурстық орталықтардың үйлестірушілері, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, тірек мектептері директорларының орынбасарлары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: ресурстық орталық мұғалімдерінің жаңартылған білім мазмұнын енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырудың күрделі мәселелері мен оларды шешу жолдарын анықтау.
Қатысушылар алдында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Т.Н. Жакашева «Педагогтің дамуы – жаңа білім беру стандарттары бойынша оқытудың міндетті шарты» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстелдің барысында диалогтік алаңша ұйымдастырылды, онда мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында үздік тәжірибелерді анықтау, зерделеу және жинақтаудың өзекті мәселелерін талқылады, рефлексивтік тәжірибе ретінде педагогтің кәсіби өсу қажеттілігін атап өтті.
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері К.Т. Алимова білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің жұмысын зерделеу, жинақтау және таратуды ұйымдастыру кезінде жіберілетін қателіктерге талдау жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығына мектепте және мектептен тыс мұғалімнің инновациялық тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер