Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Аймақтық жас математиктер зияткерлік жарысы

 

   Павлодар қаласында 2018 жылғы 27-30 қараша аралығында облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен VІ Аймақтық жас математиктер турнирі өткізілді.
Турнирге барлығы 16 команда құрамында 7-8 сыныптардың 96 оқушысы қатысты: Астана қ. 4 команда, Алматы қ. - 3, Алматы облысынан – 1, Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінен – 2, Павлодар облысынан – 6.
Қазылар алқасы құрамында – Павлодар облысы математика пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшелері, «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің жаттықтырушылары, команда жетекшілері.
Ережеге сәйкес турнир екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең командаларды екі лигаға бөлу мақсатында жазбаша командалық олимпиада түрінде өтті. Екінші кезеңде командалар 3 күн бойы турнирдің негізгі бөлігі - математикалық жарыстарда күрделі тапсырмалардың шешімдерін қорғады.
Қызықты да қажырлы күрес нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей үлестірілді.
Бірінші лигада Бас жүлде мен турнирдің Үлкен Кубогы Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің «Интеграл» командасына табысталды. I орын мен турнирдің Кіші Кубогына Павлодар облысының «Бірлік» құрама командасы ие болды. II орынды Астана қ. дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің командасы мен Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің «Константа» командасы иеленді. III орында – Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің «OPTIMA» командасы мен Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің командасы.
Екінші лигада І орынды Павлодар облысының «Жалын» құрама командасы жеңіп алды. ІІ орынға Астана қ. «Білім-Инновация» лицей-интернатының «MAGIC MATHEMATICIANS» командасы ие болды. ІІІ орында – Алматы облысының «ПАРАСАТ» құрама командасы. Құрмет грамотасымен екінші лигада Павлодар облысының «QUADRO» құрама командасы марапатталды.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер