Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Жас павлодарлық астрономдар Қазан қаласында өткен Халықаралық ғарыш мектебінен дәріс алды

 

   Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері 26-29 қараша аралығында Қазан федералдық университетінде өткен V-ші (Space Science) «Ғарыш ғылымы» атты Халықаралық мектеп-конференциясының жұмысына қатысты. Аталмыш форум ғарыштық зерттеулер тарихында үш маңызды оқиғаларға арналған болатын. Олар: Алғаш ғарышкер әйел Валентина Терешкованың орбитаға ұшуына 55 жыл толуына, «Буран» ұшырудың 30 жылдығына және Халықаралық ғарыш станциясының 20 жыдығына орай ұйымдастырылды.
Мектеп-конференцияның жұмысына Ресей мен ТМД елдерінің оқушылары, студенттері мен магистранттары қатысты.
Бұл шарада белгілі ғалымдар, Ресейдің жетекші астрономия институтының өкілдері, сонымен қатар Ресей ғарыш орталығының басшылары мен танымал ғарышкерлер дәріс оқыды.
Жас астрономшыларға ғарыш мектебінің басшылығы ұлы геометр Н.И. Лобачевскийдің мұражайына саяхат ұйымдастырды. Оқушылар оның қолжазбалары және кітапханасымен танысты. Сондай-ақ балалар А.А.Штукенберг атындағы Қазан геологиялық мұражайына барып қайтты.
Балалар бүкіл әлемнің 150000 астам экспонаттарымен таныса алды. Олар Солтүстік Америкадан әкелінген әдемі метеорит, Германиядан шыққан ихтиозаврдың скелеті және Ай мен Марстың топырақ үлгілерін көрді.
Ғарыш мектебі аясында астрономиялық ғылым туралы дөңгелек үстел өткізіліп, «Антарес» астроклубының жетекшісі Гүлнәр Баубекова қатысқан болатын. Ғалымдар мен оқытушылар астрономияны оқыту тәжірибесімен бөлісіп, өз аймақтарында астрономияны танымал ету туралы сөз қозғады.
Ғарыштық күштер одағының Орталық кеңесі төрағасының орынбасары В.Шарипов жаңадан бастаған астрономдарға сәттілік тіледі және Қазақстанның жігіттері бір күннің ішінде ғарыштық зерттеулер саласында қайталанбас сарапшылар болатынына үміт білдірді.
Ғарыш мектебінің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, ал біздің балаларға ғылым-астрофизиктердің жеке қолтаңбаларымен астрофизика пәнінен сирек кездесетін кітаптар сыйға берілді.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер