Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиеванын республикалық және халықаралық пән олимпиада жеңімпаздарымен кездесуі

 

   Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ҚР Білім және ғылым вице- министрі Э.Суханбердиеванын республикалық және халықаралық пән олимпиада жеңімпаздарымен кездесуін өткізді.
Кездесу мақсаты – еліміздің болашақ зияткерлік элитасымен таныстыру, дарынды балалар мен талантты жастарды іріктеу жүйесін қолдау мен дамыту.
Биылғы жылы 42 оқушының қатысуымен өткен кездесу «Нұр Алем» ұлттық павильонында жүргізілді
Павлодар облысынан кездесуге республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Черданцев Владислав пен Басов Ярослав қатысты.
Вице-министр олимпиадашыларға тілек сөзін білдірді. Сөз кезегінде оқушылар зияткерлік сайыстарға қатысу тәжірибесімен, жетістіктерімен бөлісіп, Елбасына, Білім және ғылым министрлігіне, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына өздерін танытуға үлкен көкжиектер ашатын олимпиадаларға қатысу мүмкіндігі үшін үлкен алғыстарын білдірді.
Кездесу қатысушыларына Ұлттық павильонға танымдық экскурсия жасалып, Білім және ғылым министрлігінің естелік сыйлықтары табыс етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер