Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Болашаққа бағдар» облыстық бейнероликтер конкурсы өз мәресіне жетті

 

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және білім алушылардың Қазақстанның келешек экономикасы мен еңбек нарығына қажетті және сұранысқа ие болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауы үшін мамандықтарды зерделеудегі шығармашылық ыңғайын белсендендіру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық-мәнді кәсіптік бағдар қызметіне тарту мақсатында Облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2017 жылғы 1 қараша мен 7 желтоқсан аралығында «Болашаққа бағдар» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсын өткізді. Конкурсқа Павлодар, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Баянауыл, Май, Железин, Шарбақты аудандарының жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері белсенді қатысты. Оқушылар мен студенттер болашақ мамандықты таңдау барысында зор жауапкершілікпен қарайтындығын өз бейнероликтерінде көрсетуге тырысты. Қазылар алқасына 30 әр түрлі және қызықты жұмыстар арасында жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Бірақ өздерінің креативті идеяларымен және шығармашылық көзқарастарымен 10 бейнероликтердің авторлары ерекше көзге түсті:
I дәрежелі диплом иегерлері дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Адина Зарипова және Аяла Қайырбек атанды.
ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының №34 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Салават Хисматулин және Павлодар қаласының №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Диас Казангапов марапатталды.
IІІ дәрежелі диплом иегерлері Шарбақты ауданының Орловка ЖОББМ 10 сынып оқушысы Владимир Черакшев және Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің 2 курс студенті Валентина Скворцова атанды.
Сонымен қатар «Жас режиссер» номинациясы бойынша білім беру басқармасының грамотасымен келесі қатысушылар белгіленді: Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің 1 курс студенттері Айдана Нажмиден және Тимур Рахманов, Железин ауданының №2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Татьяна Неклюдова және Ақсу қ. дарынды балаларға арналған гимназиясының 9 сынып оқушысы Амина Берденбекқызы.
Мамандық таңдау – келешектегі өмірімізді айқындайтын өте маңызды және жауапты қадам. Әр конкурс қатысушысына өзіне лайықты мамандықты таңдауға тілектеспіз.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер