Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Шахматтың таңғажайып әлемі

 

   2018 жыл 7 желтоқсанда Павлодар облысы әкімінің кубогына арналған шахмат турнирі аясында № 29, 41 ЖОМ-де Қазақстан мен ТМД-ның танымал гроссмейстерлерімен кездесу өтті.
Турнир қатысушылары Яан Юханогвич Эльвест, КСРО командасының құрамында екінші командалық әлем чемпионатының жеңімпазы, Кеңес Одағының чемпионы, Еуропа чемпионы, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін қатысушысы және жеңімпазы, Коцур Павел Михайлович, халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионы, вице әлем чемпионы, Темірбаев Серікбай, халықаралық гроссмейстер, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, олар қатысқан турнирлер жайлы, шахматқа қалай келгендері өздерінің өмірлік жолы туралы айтып, оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.Олар біздің планетамыздың барлық бұрыштарында шахматты жақсы білетінін және танымал екенін атап өтті. Бұрын шахматты данагөйлер мен билеушілердің ермек ойыны деп есептеді, бірақ кейін шахмат миллиондаған адамдардың жүректері мен ой-саналарын жаулап алды.
Халықаралық гроссмейстерлер жас шахматшыларға мастер-класс көрсетті. Оқушылармен бірге іс жүзінде шахмат жағдайларының нұсқаларын талқылап, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
№ 29, 41 ЖОМ облыстың 10 мектебінің қатарына «Мектептегі шахмат» республикалық пилоттық жобасына кіреді, аталған мектептерде 2 - 3 сыныптарда «Мектептегі шахмат» пәні енгізілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер