Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Оқушылар сарайының әдіскерлері облыстық вебинар өткізді

 

   2018 жылдың 12 желтоқсан күні Оқушылар сарайының әдіскерлерінің ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді жандандыру» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
Вебинарға Павлодар және Ақсу қалалары, Баянауыл, Железин, Май, Тереңкөл, Шарбақты және Успен қалаларының мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі 36 орынбасарлары қатысты.
Онлайн-кездесудің спикері – әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Бағлан Ашенова – вебинардың тақырыбымен таныстырып, «Менің туым», «Шанырак», «ЭКОboom», «Familyday», «Адал friends» облыстық жобаларының үйлестірушілерімен таныстырып өтті.
Оқушылар сарайының әдіскерлері жобаларды іске асыру барысы туралы айтып, вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер