Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодарлық балалардың суреттері Мәскеудегі көрмеге қойылды

 

   Павлодар қаласы № 1 балалар көркемсурет мектебінің оқушылары 2018 жыл 12 желтоқсан Мәскеу қаласы Ресей көркемсурет академиясында өткен Надя Рушева атындағы II халықаралық ашық балалар суреті байқауының жеңімпаздарын салтанатты қошеметтеу рәсіміне қатысты.Мектептің 8 жасөспірім қазылар алқасының құрметті төрағасы, Ресей көркемсурет академиясының президенті, Ресей елінің халық суретшісі, ЮНЕСКО елшісі, Ресей мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Зураб Церетелидің өз қолынан дипломдар алды.
Мектеп оқушылары бұл сайысқа 2-ші жыл қатысып жатыр. Биыл 38 бала қатысты. Лариса Борисовна Илларионова жетекшілігіндегі 8 жастағы Райзер Каролина «Жастар таза қала үшін», 8 жастағы Дубовая Мария «Алтын ғажайып», 7-жастағы Гоман Алина «Батыр баланың шөнжіктерді құтқару», Инна Владиславовна Масленникованың жетекшілігіндегі 10-жасар Алена Коношонок «Театрда», 9-жасар Андрей Поляков «Мимы», 8-жасар Мерей Адамжанова «Үндінің ашық бояулары», 5-жасар Амина Бельгибаева, «Үндістан Республика күні», 8-жасар Дарья Дубкова «Үндістан - ертегі елі» жұмыстары үшін сайыстың жеңімпаздары атанды. «Павлодарлық жасөспірім суретшілердің жұмыстары бояулар жарқындығымен, ой ұшқырлығымен, балалық таза көңілмен ерекшеленді», -дейді Мәскеудегі суреттер көрмесіне өз балаларымен барып келген ата-налар.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер