Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Футзалдан облыстық турнир өтті

 

   Павлодар облысы білім беру басқармасының жұмыс жоспарына сай 2018 жылғы 10 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін Павлодар қаласының № 25 ЖОМ-де 2008-2009 жылы туған ұлдар арасында футзалдан облыстық турнир өткізілді.
Жарыстың салтанатты жабылуында дәрежелеріне сай кубоктар, медальдар, дипломдар мен мадақтамалар табысталды. Командалық жарыстың қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 мектеп-лицейінің командасы қола жүлдегер атанды, күміс жүлдегер - Павлодар қаласының № 9 ЖОМ командасы. Футзалдан облыстық жарыстың жеңімпазы Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебінің командасы. Сонымен қатар, келесі номинациялар бойынша мадақтамалар табысталды:
-үздік қақпашы: Дәулет Әмір, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 мектеп-лицейі;
-үздік қорғаушы: Гоглачев Артем, Павлодар қаласының № 29 ЖОМ;
-үздік шабуылшы: Джанабай Әмірхан, Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі;
-үздік бомбардир: Евлоев Магамед, Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі.
Жарыстарға Павлодар облысының 22 командасынан 220 оқушы қатысты

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер