Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Маған дос бол» фестивалінің гала концерті өтті

 

   Шаңырақ орталығының бас сахнасында «Маған дос бол» фестивалінің қорытынды гала-концерті өтті. Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп- интернатының оқушылары өз шығармашылық жұмыстарын ұсынып қоймай, сонымен қатар өз достарын қолдауға келді. Мерекелік бағдарламаға би билеу, ән айту,өлең оқу сияқты қызықты нөмірлер кірді. Іс-шара достық жайлы өтті. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге жақсы қөңіл -күй сыйлады. №1 АББМИ тәрбиеленушілері: Д. Краснощеков, Е. Сметана, И. Чикунов, Д. Ризаев, В.Асланова, А. Козлова, Л. Шайхислямова, А. Жабайханова, М. Бездольный, Н.Шандр, К. Ефимова дипломдармен марапатталды, сонымен қоса  фестиваль демеушілері атынан өмірдегі белсенді көзқарастары үшін оларға естелік ретінде сыйлықтар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер