Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Шахматтан ұлттық мектеп лигасы

 

   Павлодар облысының білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының жұмыс жоспарына сай 2018 жылдың 10 желтоқсанынан 12 желтоқсанға дейін Павлодар қаласының Шахмат үйінде 2002-2003,2004-2007,2008-2010 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Ұлттық шахмат лигасы аясында шахматтан І облыстық спартакиада өткізілді.
Жарыстың салтанатты ашылуы 10 желтоқсанда Шахмат үйінде өтті. Жарыстың ашылуынаАймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Рахметула Макенұлы Қасқырбаев, Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшы орынбасары Виктор Владимирович Карякин, Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Мейрам Оразбайұлы Баймульдин қатысты.
2002-2003,2004-2007,2008-2010 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Ұлттық шахмат лигасы аясында шахматтан І облыстық спартакиада жеке және командалық есеппен өткізілді.
12 желтоқсанда Шахмат үйінде жарыстың салтанатты жабылуы өтті. Жарыстың жүлдегерлеріне дәрежелеріне сай дипломдар, мадақтамалар және медальдар табысталды.
Шахматтан командалық жарыс қорытындысы бойынша Тереңкөл ауданы командасы қола жүлдегер атанды. Күміс жүлдегер – Ақсу қаласының командасы. Шахматтан облыстық жарыстардың жеңімпазы Павлодар қаласының командасы атанды.
Жарысқа 57 оқушы қатысты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер