Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Жеңіс біздің қолымызда

 

   2018 жылдың 16 желтоқсан күні Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне орай, жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында ауыр атлетикадан ашық біріншілік өтті.Біріншілікті Павлодар облысы бойынша ауыр атлетика Федерациясы Президенті Дычко Николай Васильевич ашты. Ол барлық қатысушыларға өз сөздерінде мереке күнінде сәттілік пен жеңіс тіледі. Сайысқа «Павлодар қаласының отбасы үлігісіндегі балалар ауылы» КММ-ның тәрбиеленушілері Герауф Альбина мен Васильева Камила қатысып, қыздар арасында ауыр атлетика чемпиондары атанса, Цеван Александра, Архипова Алина – екінші орын, Тлеумова Камила мен Бурлакова Татьяна сайыста үшінші орын алды. Ал Шрейнер Константин – бозбалалар арасында екінші орынды еншіледі.
Балалар ауылының басшылығы мен тәрбиеленушілері ауыр атлетика бойынша жаттықтырушы Тен Виктор Николаевичке зор алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жолдауда. Ол жас спортшыларды үш ай бойы тынымсыз жаттықтырып, жеңіс тұғырына жетеледі.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер