Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Тоғызқұмалақтан облыстық спартакиада өтті

 

   Павлодар қаласының №3 БЖСМ «Шахмат үйінде» 1 лигадағы колледж оқушыларының XVIII облыстық спартакиада бағдарламасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Жарысқа Павлодар және Екібастұз қалаларының 8 ер және 6 қыз колледж командалары қатысты.
Күрес нәтижесінде ұлдар арасында бірінші орынды Павлодар бизнес колледжі командасы иеленді, екінші Орын – Павлодар түсті металлургия колледжіне, үшінші орын - Павлодар көлік және коммуникация колледжіне бұйырды. Қыздар арасында Павлодар көлік және коммуникация колледжі жеңімпаз атанды, екінші орынды Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, үшінші орынды - Павлодар түсті металлургия колледжі еншіледі. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық білім беру басқармасының мақтау қағаздарымен, медальдарымен және командалық дипломдармен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер