Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Асық ату» бойынша облыстық семинар өтті

 

   Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының жұмыс жоспарына сай 2018 жыл 19 желтоқсанда Павлодар қаласының № 1 ЖОМ-де «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Павлодар облысының қалалары мен аудандары жалпы орта мектептерінің оқытушылары арасында «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша семинар өтті.
Семинардың салтанатты ашылуына Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Мейрам Оразбайұлы Баймульдин, Павлодар қаласының дене тәрбиесі бойынша әдіскері Қадырбек СатыбалдыұлыРаисов, Павлодар қаласының №1 ЖОМ-нің директоры Сыздықов Азамат Жанайдарұлы қатысты.
Дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының дене тәрбиесі мұғалімі Айбас Адалбек, Кенжекөл орта жалпы білім беру мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Әбенов Жанабай Қайырбекұлы, №12 ЖОМ дене тәрбиесі мұғаліміСаматова Құсни Мұхамедмансұрқызы, №1 ЖОМ дене тәрбиесі мұғалімі Қизат Саят Қизатұлы арнайы баяндамаларымен таныстырды.
Семинар соңында барлық тыңдаушылар мен баяндамашыларға Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының сертификаттары табысталды.
Семинарға барлығы Павлодар облысының жалпы білім беру мектептерінің 51 мұғалімі қатысты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер