Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту

 

   Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2018 жылғы 20 желтоқсанда Павлодар қаласындағы №126 сәбилер бақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда пәндік-дамытушылық орта құру» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинар жұмысына облысымыздың мектепке дейінгі ұйымдарының 50-ден астам педагогтері қатысты.
Семинарда инновациялық орталық басшысының орынбасары Қожахметова Айтжамал Антайқызы жиын манызы туралы сөз сөйледі.
Әдіскер Барамбаева Бағадат Серікқызы өз сөзінде іс-шараның мақсат-міндеттерін, тәжірибеге бағыттылығын айта отырып, қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін негіздеді, мектепке дейінгі ұйымдарда пәндік-дамытушылық ортаны құру үшін заманауи инновациялық амалдардың маңыздылығын атап өтті. Семинар қатысушылары Павлодар қаласының №126 сәбилер бақшасының басшысы Зыкина Марина Александровна тоқталып өткен негізгі бағыттармен танысты. Әдіскер Лопатина Наталья Вениаминовна мектепке дейінгі мекемеде көркемдік-эстетикалық орталықтарды құру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Практикалық бөлімде «Телеарна балақайлары»балалар телестудиясының, «Кішкентай ісмерлер»дизайнерлік студиясының, «Полиглот»студиясының ашық көрсетілімдері ұйымдастырылды, «Өнер синтезі» студиясының балалары «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінің премьерасын ұсынды. Семинар қорытындылары бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер