Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодар облысы әкімінің жаңа жылдық шырша мерекесіне 150 бала қатысты

35f6546f-3416-4fb8-a093-155752c435aa
   

     "Ертіс" қонақ үйінде Павлодар облысының әкімі атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Мерекеге Ертіс-Баян өңірінің аудандары мен қалаларынан 9-13 жас аралығындағы 150 бала қатысты, олардың ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары, оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық жұ-мыстарда жетістікке жеткен шәкірттер де бар.
    Бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаған өңір басшысы Болат Бақауов балаларға 2019 жыл мықты денсаулық, жақсылық пен береке әкелсін деп тіледі. - Сіздерді келе жатқан Жаңа Жылмен шын жүректен құттықтаймын. Мереке қарсаңында барлықтарыңыз тілек тілеп, армандайсыздар. Тілектердің орындалуы үшін не істеу керек? Ол үшін жақсы оқу керек, үлкендерге қамқорлық жасап, ұстаздарды сыйлау қажет., - деді Болат Жұмабекұлы. Мерекеде Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка драма театрының әртістері мен М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы тәрбиеленушілері мен педагогтары басты рөлдерді сомдаған театрландырылған қойылым қойылды.
     Облыс әкімі мерекеге қатысқан 150 балаға смартфон, құттықтау қағазы, ойыншық пен тәттілер сыйлады.


 

84466154-a409-415f-b1f9-67cfe5f4f590

 

b67b6f04-353b-49a0-a21e-5b68e3e1d19a

 

IMG 1912

 

IMG 1926

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер