Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Мен - педагогпын» республикалық байқауына қатысты

 

   Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп- интернатында педагогикалық белсенді ұстаздар жұмыс істейді. 2018 жылдың 22 қарашадан бастап 21 желтоқсанға дейінгі аралықта өткізілген «Мен - педагогпын» Арнайы( түзеу) және интернаттық білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған I республикалық конкурсына мектеп басшысымен бірге 8 педагог қатысты. Байқауды Қарағанды қ. «Білім» біліктілікті арттыру мен қайта даярлау институты ұйымдастырды. Байқаудың басты бағыты - дарынды, шығармашыл педагогтарды анықтау; педагогикалық тәжірибемен бөлісу; инновациялық қызметіне педагогтарды ынталандыру; педагогикалық мамандықтың мәртебесін арттыру болып табылды.
26 желтоқсанда аталған байқаудың қорытынды нәтижелері жүргізілді, байқау нәтижесі бойынша 1 АЖББМИ басшысы Н.Қ. Төлемісова «Арнайы
(түзеу) және интернаттық білім беру ұйымдарының үздік басшысы» санаты бойынша II орынды, Д.Ж.Жетпісова «Арнайы ( түзеу) және интернаттық білім беру ұйымдарының үздік дефектологы» санаты бойынша I орынды, Г.Ш.Ахметова и А.Б.Қайыргелдинова «Арнайы ( түзеу) және интернаттық білім беру ұйымдарының үздік дефектологы» санатында II орынды, Н.В.Базалик «Арнайы ( түзеу) және интернаттық білім беру ұйымдарының үздік психологы» санатында I орынды, А.Т.Жексенова «Арнайы ( түзеу) және интернаттық білім беру ұйымдарының үздік логопеді» номинациясында II орынды, Е.В.Краснощекова, Н.Н.Сабадашева II орынды және А.К.Шаймарданова «Арнайы ( түзеу) және интернаттық білім беру ұйымдарының үздік педагогы» номинациясында III орынды иеленді.
Жаңа жыл қарсаңында педагогтар Қазақстан Республикасының үздіктері атанды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз, келешекте жаңа жеңістерге мен алдына қойған мақсаттарына жетуіне тілектеспіз!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер