Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 20 қарашада 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 26 градус, жел 1  м/с

 


 

Ақтоғай ауданында жаңа жылдық шырша мерекелері өтті

 

   2018 жылғы 27 желтоқсанда Ақтоғай ауданының Мәдениет үйінде аудан әкімінің Жаңа жылдық Шыршасы өтті. Шараға аудан мектептеріндегі аз қамтамасыз етілген отбасылардың, мүгедек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 130 оқушы бала қатысты.
Аудан әкімі Қ.Арынов қатысушыларды жаңа 2019 жылдың басталуымен құттықтады.
Жаңа жылдық мереке балалардың сүйікті ертегілері мен мультфильмдер кейіпкерлері (Микки Маус, Фея, Олов , фиксиктар, ит және т.б. ) қатысқан ертегі қойылымы ретінде өтті. Жаңа жылдық дәстүр бойынша Аяз ата мен Ақшақар балалармен бірге шырша шамдарын жақты. Шақырылған әр балаға аудан әкімінің сыйлықтары табысталды.
Шара соңында костюмдер сайысының қорытындысы шығарылып, «Ұлы дала» символын жаңа жылдық кастюм ретінде әзірлеген Ыдырысов атындағы орта мектеп оқушысы Мейрам Алишер бас жүлдеге,Тіленшін атындағы орта мектеп оқушысы I орынға ие болды. II және III орындарды Абай және Қайырбаев атындағы ОМ оқушылары өзара бөлісті.
Абай атындағы ОМ, Приреченск ОМ,ХарьковкаОМ, Жанатап БМ оқушылары ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Жаңажылдық шырша соңы балаларға арналған мерекелік дастарханға жалғасты. Балалар естелік суретке түсіп, тәтті сыйлықтар таратылды.
Мереке көңілді, мазмұнды, тартымды өтті.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер