Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 20 қарашада 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 26 градус, жел 1  м/с

 


 

Қар ханшасы

 

«Балалар - әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет,
фантазия, шығарамашылық әлемінде өмір сүру керек »
В.А. Сухомлинский

   Жаңа жыл қарсаңында дәстүр бойынша 2018 жылғы 27 желтоқсан күні сағат 14:00 Музыкалық колледж-музыкалық мектеп-интернатында «Қар ханшасы» мюзкл-ертегісінің премьерасы өтті.Бәрімізге таныс Кай мен Герданың басынан кешкен оқиғалары бұл – кез келген кедергіні жеңе білетін қайсарлық, достық, батылдық пен табандылық және ең соңында жақсылық зұлымдықты жеңеді.Ауқымды жобаны іске асыру демеушілердің(«Свежая выпечка» жеке кәсіпкері Т.В.Питкевич) және қатысушылардың ата-аналарыныңқолдауымен жүзеге асырылды.

Музыкалық қойылымда 1 «Б», 3 «Б»,7 «Б» сынып оқушылары қатысты. Ертегіге барлығы 50 жас актёр қатысты. Мюзиклдың жанры жас орындаушылар көңілдерінен шықты. Бұл «Музыкалық колледж – музыкалық мектеп-интернаты» Кешені ММ – нде педагогтар мен оқушылар күшімен өткен алғашқы спектакль емес. Музыкалық теория пәндердің оқытушысы Селезнева Наталья Федоровна көп жылдар бойы балаларды сиқыр және ғажайып музыка әлеміне, ертегі ғажайыптарына тарта отырып, музыкалық спектакльдер қойылымымен айналысады. Оның арқасында мектепте дәстүрлі музыкалық-сахналық қойылымдар пайда болды. 2017 жылы « Етік киген мысық» музыкалық ертегісі көрсетілді. 2016 жылы «Дюймовочка» ертегісі тамаша өтті.

Көптен күткен премьера - педагогтардың, оқушылардың және ата-аналардың үлкен еңбегі. Бұл декорацияларды дайындау, костюмдер тіккізу, репетициялар – барлығы зор жұмыс күшін талап етті. Бұған бастауыш сынып мұғалімі Щегляева Татьяна Васильевна жетекшілік етті.

Іс-шараға келесі жандар шақырылды: мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер. Олар кішкентай әртістердің өнерін жоғары бағалады.Әсем декорацияларымен, жас актерлердің керемет жарқын костюмдерімен және керемет ойындарымен қызықты музыкалық ертегі бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмады. Балалар ғана емес, үлкендер де сахнада болып жатқан оқиғаларды қуана көрді.

Балалар шын көңілмен және толық беріліпойнады. Басты рөлдерді жас әртістер: Кай – Рагулин Максим (3 «Б» сынып.), Герда –КлопотЭлизабета (3 «Б»), қарға - Белоусова Анэля (3 «Б»),ханшайым – Москалёва Диана (7 «Б»), гүлші – Абылкалыкова Аружан (7 «Б»), Атаманша – Сулейменова Аделия (7 «Б»), кішкентай қарақшы – Романенко Лина (3 «Б»), Қар ханшасы -Линнас Елизавета (9 «Б»). Көрермендер жақсылық пен зұлымдықпен күрес тақырыбына негізделген ертегінің қарқынды дамып келе жатқан сюжетін үлкен қызығушылықпен бақылап отырды.Спектакльдің әрекеті керемет бақшадан қалың орманға, содан кейін хрусталь - мұз сарайына ауыстырылды. Әсіресе, көрермендердің назарын спектакльдің барлық кейіпкерлері қатысатын жарқын және ойын-сауық көріністер аударды.Қойылымның әр қатысушысы сиқырлы ертегі әлемін құруға өз үлесін қосты. Бірақ ең маңыздысы спектакльдің басты ойы естерінде қалды: зұлымдық жолын бөгеу, оны жеңу үшін, барлық жақсы күштер мен ыстық жүректерді біріктіру. Көрермендердің әсерлері өте жағымды болды, олардың кейбірін атап өткіміз келеді: "Тамаша музыкалық ертегі! соңғы минутқа дейін Қуаныш!", "Барлығыңжарайсыңдар!"Ал костюмдер, декорациялар! Жаңа жыл қарсаңында балалық шақ пен ертегіге ұзақ уақыт бой алдыртуға мүмкіндік үшін рахмет!.

Тәжірибе көрсеткендей, мұндай бірлескен іс-шаралар кішкентай көрермендерге де, өнер көрсетушілерге де, олардың ата-аналарына да үлкен қуаныш әкеледі! Тамаша әдеби негіз, тамаша ойын және суретшілердің әні, әсем костюмдер мен әшекейлер, әдемі зал - барлығы балаларға да, ересектерге де керемет әсер қалдырды.

Премьера аншлагпен өтті, көрермендер залында бос орындар болмады. Ұзақ ду қолшапалақтау жас таланттарға лайықты марапат болды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер