Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар ұйымдарының рөлі» тақырыбындағы облыстық эссе конкурсының қорытындысы

 

   Павлодар облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар ұйымдарының рөлі» тақырыбындағы эссе конкурсын қорытындылады.
Аталған конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің 34 жұмысы келіп түсті.
Конкурс жұмыстары 2 тілде қабылданыпкелесі критериилер бойынша бағаланды:
- өзіндік шығармашылық ой;
- тақырыптың сәйкестігі және ашу тереңдігі;
- орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық;
- мазмұнның түсініктілігі мен логикасы.
Конкурстың қорытындысы бойынша 8 студент жеңімпаз атанып дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Мемлекеттік тілде жазылған жұмыстар арасындаконкурс жеңімпаздары:
1 орын – Құрманғалиева ДанагүлЖаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті;
2 орын – Садығажинова Айжан Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі;
3 орын – Умаров Манарбек Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі және Сарбасова Айжанар Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің колледжі.
Орыс тілде жазылған жұмыстар арасындаконкурс жеңімпаздары:
1 орын – Степчук Валерия Инновациялық Еуразиялық университеті;
2 орын – Подтихов Максим Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі;
3 орын – Порохов Артем Павлодар жоғары политехникалық колледжі және Колесниченко Юлия Қ. Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер