Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2019 жылғы 16 қаңтарда 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 8 градус, жел 3 м/с


 

Білім беру мекемелеріндегі қоғамдық тыңдаулар

IMG 0012
  

    Павлодар қаласының барлық білім беру мекемелерінде 2019 жылдың 4-5 қаңтарында ата-аналар қауымдастығының алдында Қоғамдық тыңдаулар өтті. Қоғамдық тыңдаудың өтілуі жайлы мектеп сайыттарында алдын-ала хабарлама жарияланған болатын.
Тыңдауда негізінен көтерілген мәселелер оқу жылының бірінші жарты жылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметттер, мектеп жетістіктері, оқушылардың және педагогтардың байқауларда, сайыстарда және спорттық шаралардағы, пән олимпиадасындағы жетістіктері айтылды. Қатысушыларды сонымен қатар оқушылардың білімдерінің ішкі бақылаулары мен  мемлекеттік және жергілікті деңгейде қабылданған құқықтық актілермен, білім беру саласында қабылданған құжаттармен, республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат мәселесі, білім саласындағы кадрлық сұрақтар, білім саласындағы маңызды сұрақтарда ата-аналардың рөлі туралы мәселелер көтерілді. Сонымен қатар Елбасымыздың «Жеті рухани кезең»  жолдауы сөз етілді. Барлық қатысушылардың мақалаларында слайдтық презентация орын алды.
    Тыңдауда «Қазақтелеком» АҚ, Павлодар қаласының ІІБ қызметі, № 1, 2, 3 емхана, «Жігер» балалар-жасөспірімдер аула клубының қызметкерлері қатысты. № 14 ЖОМ «Қазақтелеком» АҚ тікелей байланыста жұмыс атқарып жатқандықтары Қоғамдық тыңдауға сол мекеменің қызметкерлерін шақыруға жол ашты. Сол мекеменің инжинерлері Б. Жакенов, Д. А. Марденов «Интернет желісінің оқушыларға кері әсері» туралы айтып беріп, барлық ата-аналарға «Ата-ананың бақылауы» нұсқау қағаздары таратылды.
Сонымен бірге № 28 ЖОМ оқушылар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу туралы сөз етті. Павлодар қаласының № 1 емханасының мектеп бөлімінің меңгерушісі А. С. Габдуллина «Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруда ата-ананың рөлі» туралы айтып берді.
      Қоғамдық тыңдауларға 5 мыңнан аса ата-аналар қатысқан болатын. Ата-аналар керекті сұрақтарына жауап алды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер