Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2019 жылғы 16 қаңтарда 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 8 градус, жел 3 м/с


 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беруде жаңа модельге тәрбиелеу мазмұнын қайта бағдарлау

6dd28509-e45a-483d-83ae-4a26c23fe05d    

   2019 жылдың 9 қаңтары күні «Павлодар ауданының Красноармейка орта жалпы білім беру мектебі» ММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын оның ішінде «Тәрбие және білім» бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беруде жаңа модельге тәрбиелеу мазмұнын қайта бағдарлау» тақырыбы бойынша ашық педагогикалық кеңес өтті.

   Педагогикалық кеңескe «Павлодар облысы білім басқармасы» ММ білім мониторингін бақылау бөлімінің бас маманы Абенова А.Е. Павлодар облысының білім беруді дамыту инновациялық орталығының әдіскері Аушахманова Б.Т., педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының тренері Ныгметова Б.Д., «Павлодар ауданының білім беру бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Кауметова М.А., «Павлодар ауданының Шақат орта жалпы білім беру мектебі»ММ директоры Искакова А.К. қатысты.

   Аталған іс-шараның мақсаты: ата-аналар мен оқушыларды, мұғалімдерді бағдарламаны жүзеге асыруға септігін тигізуге бағыттау.

  Педагогикалық кеңес tedx форматында өтті. Әрбір тренер өзінің тәжірибесін ортаға сала отырып тақырыптың мәні мен мағынасын аша білді.

Педагогикалық кеңес кезінде мұғалімдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және кіші бағдарлама «Тәрбие және білім» , «Өлкетану», «Отаным-тағдырым», «Саналы азамат», «Кітап-білім бұлағы» бағдарламаларының негізгі сұрақтарын талқылаумен болды.

Педагогтар шығармашылық жағынан топтарға бөлініп жұмыс істеп, тәжірибелерімен, ойларымен бөлісті. Жұмыс соңыңда мұғалімдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қандай бағытта жұмыс жасайтындарын анықтады.

 Педагогикалық кеңес қатысушылары мен келген қонақтар өз ойларымен бөлісті, ұсыныстарын қалдырды.

Ерекше алғыс тарих пәнінің мұғалімі М.Карашашевқа айтылды, ол өз баяндамасында сынып жетекшілердің оқушылар өміріндегі рөлін ерекше көрсетіп өтті. Сондай-ақ, 2018 жылғы республикалық авторлық бағдарламалар конкурсының жеңімпазы бастауыш сынып мұғалімі А.Мухаметалинаның баяндамасы аталып өтті. Ол «Ертіс өңірінің компоненттері» атты бағдарламасын ұсынды.

 

 

5c1c067f-8fcb-43be-a215-a9d3ebb2c282

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер